«Елде макарон жинау маусымы басталды».
1957 жылы 1 сәуірде BBC арнасы эфирге бір қызық сюжет шығарады. Онда Швейцариядағы бір отбасы ағаш бұтақтарынан салбырап тұрған макаронды теріп алып, ыдысқа салып жүргені көрсетіледі. Хабарды көрген жұрт аң-таң. Мыңдаған адам арнаға хабарласып: «Біз де сондай макарон ағашын өсірсек бола ма, қалай отырғызамыз?» – деп сұрапты. Бұл хабар күлкі күнінің тарихындағы ең танымал әзілдердің бірі ретінде есте қалды.