Current Date: 02-04-2025

Димаш Құдайберген Ақордада өнер көрсетті

31 наурызда Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді.

Димаш Құдайберген Словения Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында Ақордада өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақорда резиденциясында бірқатар іс-шаралар өтті. Салтанатты қабылдауда Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген қазақтың халық әні "Дайдидау" және француз тілінде "Sos d’un terrien en détresse" әндерін орындады.

Словения Президентінің өз мойындауы бойынша, қазақстандық әншінің ең үлкен жанкүйері. Пирц-Мусар ханым Димашпен әңгімесінде оның концертінде болғанын атап өтті. Димаш Пирц-Мусар ханымға ілтипаты үшін алғысын айтты.