Current Date: 02-04-2025

Алматылықтарға ескерту жасалды

Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"1 сәуірде Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Шымкент, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", — деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 1-3 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Барикалық құрылымдар өзгеруі Қазақстанның көп бөлігіндегі ауа райы тұрақсыз болуына себеп болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік және шығыс аймақтарда түнде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.

Тек орталық және оңтүстік аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы болады. Батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда жел күшейеді, таулы аймақтарда тұман түседі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget