Current Date: 02-04-2025

Павлодарда шыбын-шіркейге қарсы 182 мың келі препарат қолданылады

Оның алғашқы легі жеткізілді.

Биыл Павлодар облысында қансорғыштар санын азайту мақсатында өңделетін аумақ 45 мың гектарға ұлғайды. Сәйкесінше, қолданылатын препараттың көлемі көбейді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алдымен бүгін 20 мың келі көлемінде "Бактицид" биопрепаратының бірінші партиясы келді. 2 сәуірде тағы 20 мың келі, алғашқы онкүндікте қалған 142 мың келі препарат сәуір жеткізілмек. Сөйтіп, барлығы 182 мың келі биологиялық препарат қолданылады.

Сол сияқты химиялық препараттыі көлемі өсті. Биыл барлығы 14,5 мың литрді пайдалану жоспарлануда. Оның ішінде 9,2 мың литр — әуеден өңдеуге, 5,3 мың литр тосқауылды өңдеуге жұмсалады.

Химиялық препараттарды сәуірдің екінші онкүндігінде жеткізу жоспарда бар.

Жалпы, осы жылы Павлодар облысында әуеден өңделетін аумақтың жалпы көлемі 127 мың гектардан 172 мың га дейін ұлғайды. Өткен жылы шыбын-шіркейдің көптігіне байланысты шағым жиі түскен Ақсу қаласының ауылдық аймағының солтүстік-батыс бөлігінен 15 мың га және Ертіс ауданының жайылма алқабынан 30 мың гектар қосылды.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында шыбын-шіркей санын азайту үшін үш жылға 7,8 млрд теңге бөлінген болатын.