Current Date: 02-04-2025

Таразада жалдамалы пәтерде полицей өлі күйінде табылды

Желіде Тараздағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 34 жастағы полицейдің өлі денесі табылғандығы жайлы ақпарат тарады. Деректерге сүйенсек, ол асылып қалған. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Полицияның айтуынша, бұл факт бойынша "суицидке жеткізу" бабыммен қылмыстық іс қозғалды.

"Оқиға орнына полиция департаментінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы шұғыл түрде жетті. Оқиғаның барлық мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін қажетті кешенді тергеу – жедел іс-шаралары жүргізілуде", – делінген ақпаратта.

Бұған дейін ШҚО-да полицейлер талмасы ұстаған жолаушының өмірін сақтап қалғандығы хабарланған болатын.