Бұған дейінгі зерттеулер қала мен ауыл оқушылары арасында алшақтық барын көрсеткен.
2025 жылғы 1 сәуір мен 23 мамыр аралығында Қазақстанда PISA-2025 халықаралық зерттеуі өтеді. Оған еліміздің 643 білім беру ұйымдарынан 15 жастағы 24 мыңға жуық оқушы қатысады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
PISA (Programme for International Student Assessment) – 15 жастағы балалардың өмірдегі нақты мәселелерді шешу үшін оқу, математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдері мен дағдыларын қолдану қабілеттерін анықтау мақсатында өткізілетін білімалушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама. Оны төртжылда 1 рет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) өткізеді.
Зерттеу компьютерлік тестілеу түрінде жүргізіледі. PISA-2025-тің негізгі бағыты – ғылыми сауаттылық, сонымен қатар инновациялық бағыт. 2025 жылы мұндай бағыт "Цифрлық әлемде оқыту" (Learningin the digital World) болады.
Естеріңізге сала кетейік, PISA-2022 нәтижелері бойынша Қазақстан математика және жаратылыстану пәндері бойынша ТОП-50 елдің қатарына енді. Сондай-ақ, Қазақстанның қалалық және ауылдық жердегі оқушылары арасындағы білім сапасы алшақтықтығының төмендеуі байқалды.
Оқи отырыңыз: Төртінші оқу тоқсаны басталды: Мектеп оқушылары мен ата-аналарға арналған нұсқаулық