Current Date: 02-04-2025

Sim-Box қолданғандарды қандай жаза күтетіні белгілі болды

Sim-Box – бұл жаппай қоңырау шалу және нөмірлерді өзгертуге арналған құрылғы.

Абай облыстық полиция департаменті Sim-Box қолдану қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Arnapress.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, Sim-Box қолдану қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

"Sim-Box – бұл жаппай қоңырау шалу және нөмірлерді өзгертуге арналған құрылғы. Оны пайдалану және алаяқтық әрекеттерге көмектесу Қазақстан Республикасында қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ҚР ҚК 213-бабы идентификациялық кодты өзгертуге арналған құрылғыларды заңсыз пайдалану – 2000 АЕК-ке дейін айыппұл, түзету жұмыстары немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеледі", — деп хабарлады облыстық ПД.

Бұдан басқа Sim-Box алдау және мүлікті иемдену мақсатында қолданылған жағдайда, құқық бұзушының мүлкі тәркілене отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін әкеледі.

"Алаяқтыққа жәрдемдесу, мәселен, SIM-карталарды сату, банк шоттарын ұсыну да заң бойынша қудаланады", — делінген хабарламада.