Израиль әскері Газа секторындағы операциясын қайта бастаған екі аптада атыс-шабыстан мыңнан аса палестиналық қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Арасында бала көп. Тағы 2,5 мыңдай адам жарақат алған.
Жергілікті ауруханалар барлығын қабылдап үлгермей жатыр. Тіпті науқастарға құятын қан қоры таусылған. Өйткені еврей елінің қарулы күштері наурыздың басынан бері өңірге гуманитарлық көмектің жеткізілуін шектеп отыр. Израиль 18 наурызда Газа әскери іс-қимылдарын қайта бастаған еді. Оған ХАМАС-тың бейбіт келісімнен бас тартуы себеп.