Қазақстандықтар ХҚКО-ға барып, табан тоздырмайтын болды.
Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады. Сүйінші жаңалықты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ең сұранысқа ие қызметтердің бірі – жеке куәлікті ауыстыру.
"Бұрын азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталығына келуі, фото түсіруі және ұзақ кезекте тұруы қажет болатын. Айдың соңына дейін бұл процесс толығымен онлайн форматқа көшіріледі. Біз процестерді сәтті сынақтан өткіздік және фотосуреттің талаптарға сәйкестігін маманның орнына AI-модель бағалайтын жүйені оқытуды аяқтап жатырмыз. Процесс барынша қарапайым: идентификациядан өту, фото мен қолтаңбаны жүктеу, онлайн төлем жасап, құжат дайын болғаны туралы SMS күту. Кезексіз, бармай-ақ, бәрі үйден шықпай жасалады", — деді Жаслан Мәдиев.
Министрдің айтуынша, аталған сервис шамамен 1 миллион азаматтың Халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажеттілігін жояды.
Айта кету керек, осыған дейін мемлекеттік қызметтердің 92%-ы онлайн көрсетілетінін жазғанбыз.