Current Date: 02-04-2025

Жасанды интеллектіні белсенді түрде енгізу керек – премьер-министр

Үкімет басшысы Олжас Бектенов мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасанды интеллектіні белсенді түрде енгізу керектігін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі .

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жасанды интеллектіні белсенді түрде енгізу керек. Бірінші кезекте электронды үкімет платформасында осыған басымдық берілуі тиіс. Бұл мемлекеттік органдардың ақпарат жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, көрсетілетін қызметтерді қолжетімді ететін болады, – деді Үкімет басшысы.