34 жастағы қызметкердің мәйіті жалға алған пәтерінен табылған. Пәтер иесі оны пәтерді тексеру үшін келгенде көрген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына тез арада департамент басшылығы мен тергеу-оперативтік топ жеткен. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Сонымен қатар оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін қажетті барлық тергеу-оперативтік шаралар жүргізіліп жатқандығы хабарланды.
Бұған дейін Жамбыл облысында 22 жастағы полицейдің өз-өзіне қол жұмсаған еді.