Сазгердің өзі 1 сәуірдің құжатта туған күні ретінде белгіленуіне «метркесін» рәсімдеп, бала күнінен қамқорлық көрсеткен Ахмет Жұбанов түрткі болғанын айтып кеткен , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дәулескер домбырашы Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген.
Әртүрлі жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, Қазақтың халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Қазақфильм киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы, 1981 жылдан Отырар сазы фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды.
Алтын таулар операсының (Қ.Қожамияровпен бірге), Достық жолымен балетінің (Л.Степановпен бірге), Ортеке балет-поэмасының, Менің Қазақстаным кантатасының, оркестрге арналған Поэма, Ата толғауы, Ақсақ құлан, Аққу, Арман, Махамбет, Көш керуен поэмалары мен Халық қуанышы, Қайрат, Жеңіс салтанаты атты кіріспелердің, 400-ге тарта ән мен романстың авторы.
50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазды.
Бірегей тұлға екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі (@madeniet__aqparat__ministrligi)