Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы көпшілікке сүйіктісін көрсетті.
“Ол “Иә” деді. Осымен бойдақ өмір бітті. Барша құттықтап жатқан жандарға Алла разы болсын!”, – деп жазды әншінің ұлы.
Айта кетейік, Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбек Қожахметов өзінің желідегі парақшасында досын құттықтап, жазба жариялады.
“Неге сонша асықтың? 40 жасқа дейін уақыт бар еді ғой? Бақытты бол!”, – деп жазды Қазбек.
Еске салайық, Нұрлан Еспановтың ұлы бейтаныс қызға интим хаттар жазып, басы дауға қалған еді.
Әншінің ұлы бойжеткенді қонақүйге шақырып, төсектес болуға ниетті екенін айтқан. Осыдан кейін Олжас Еспановтың парақшасы бұғатталған. Желіге жазбаларды жүктеген парақша иесі видеоны өшірген жоқ.