Бұл қызметке Дархан Нұрханұлы келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы қызметіне Дархан Нұрханұлы тағайындалды", — делінген хабарламада.
Дархан Нұрханұлы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің түлегі. Сонымен қатар қаржы саласында орта білім мен заң саласында жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2011 жылы құрылыс компаниясында жұмысшы ретінде бастаған. Мемлекеттік құрылымдарда жетекші маманнан бастап басшылық лауазымдарға дейін көтерілген.
2020-2021 жылдары премьер-министрдің әлеуметтік даму, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мәселелері бойынша орынбасарының кеңесшісі болған.
Кейін Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
2022 жылғы тамыздан бастап жаңа тағайындауға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған.