Current Date: 02-04-2025

Малайзияда газ құбыры жарылды

Жарылыс ел астанасы Куала-Лумпурдың маңында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі .

Куәгерлердің айтуынша, от бағанасы жарты шақырымға дейін көтерілген.

Sinar Harian дерегінше, жарылысқа Petronas газ құбырындағы ақау себеп болған.

Салдарынан бірнеше үйге зақым келіп, кемінде 33 адам жарақат алды. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Жарылыс болған аудан тұрғындары эвакуацияланды.