Current Date: 02-04-2025

Ыстамбұл әуежайында тегін Wi-Fi орнатылды

Сабиха Гөкчен атындағы Ыстамбұл әуежайындағы Wi-Fi тегін әрі шексіз мобильді интернетке ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін тегін интернетті тек бір сағат қана пайдалана алатын, ал құпия сөзді арнайы дүңгіршектерден паспортты сканерлеу арқылы немесе түрік SIM картасы болған жағдайда ғана әуежай қосымшасынан алуға болатын.

Жағымды жаңалықпен әуежай баспасөз қызметі желідегі парақшасында бөлісті. Тек, парольді қандай жолмен алуға болатындығы көрсетілмеген.

Айта кетейік, 2024 жылдың соңында Ыстамбұлдың жаңа әуежайындағы (IST) Wi-Fi-да шексіз мобильді интернетке ие болды. Онда TKWIFI желісіне қосылып, телефон нөмірді енгізіп, SMS-кодты алу жеткілікті.

Бұған дейін Bloomberg басшыларының бірі, оның әйелі мен қызы өлі табылғандығы хабарланған болатын.