Елімізде азаматтарға жоғары жалақы ұсынатын күмәнді сайт пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сайтта ұсынылған жұмыс мәтіндерді көшіріп жазумен байланысты. Internet Freedom Telegram-каналының жазуынша, сайттың жұмыс схемасы ескі әрі қарапайым:
- Мәтіндерді қайта теру үшін жоғары төлемдер ұсынылады. Бір бет үшін 600 теңге;
- "Жеке кабинет" ашу үшін ақы талап етіледі. Әдетте 5 мың теңге шамасында;
- Табыс көлемінің тартымдылығы. Айына 400 мың теңгеге дейін.
Алайда, төлем жасалғаннан кейін алаяқтар жоғалып кетеді. Ал, чат автоматты түрде жойылады, осылайша ақшаны қайтару мүмкін болмайды.
Маңызды ескерту: алаяқтар сайтының мекенжайы – rabotafrls.com/kz.
Бұған дейін алаяқтардың жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтарды алдауға көшкендігі жайлы хабарланған болатын.