Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков қазақстандық пойыздарда интернет қашан толығымен қолжетімді болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, жоба қаңтар айында іске қосылған.
"ҚТЖ ақпараты бойынша, біздің елімізде "Тальго" пойыздары жүретін шамамен 16 бағыт бар. Техникалық тұрғыдан алғанда, бүгінгі күні тек осы пойыздар ғана интернетті жолаушылар вагондары ішінде тарата алады. Тиісінше, ескі, кеңестік кезеңдегі пойыздарда бұл жүйені енгізу мүмкін емес. Сондықтан біз қазір ҚТЖ-мен осы мәселені пысықтап, интернетті барлық 16 бағытта толыққанды қамтамасыз ету жоспарларын белгілеп жатырмыз. Әзірге бұл тек Астана-Алматы бағытында қолжетімді. Сондай-ақ, мұның билеттердің құнына әсер етпеуін де талқылаудамыз", – деді Дамир Сейсембеков.
Ол бүгінде пойыздардың бірінде ғана бір бағыт бойынша интернет бар екенін растады.
"Астана мен Алматы арасында көптеген пойыздар жүреді, бірақ олардың тек біреуінде ғана интернет бар. Қазір тестілеудің белсенді кезеңі жүріп жатыр және жалпы шолулар жақсы көрсеткіште. Мерзім бойынша ақпарат айтып жаңалыстырғым келмейді, алайда техникалық пилоттық жобаның қорытындысы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін шығарылады. Бізде интернет провайдері бар және сынақ жобасы аяқталғаннан кейін экономикалық құрамдас бөлікке өтеміз. Жоғарыда айтқанымдай, енгізу жоспарлы түрде, ең алдымен жолаушылар ағыны көп бағыттарда, сондай-ақ "ақ дақтар" деп аталатын жерлерде болады. Қазақстанда мобильді қамту мүлдем жоқ бағыттар бойынша жүретін пойыздар бар және біз оларды бірінші кезекте қамтамасыз етеміз", – деп жалғастырды ол.
Оның айтуынша, биыл жұмыс жалғасады, дегенмен процесстің толығымен аяқталатын кезеңін әзірге айту қиын.