Current Date: 10-06-2025

Астанадан Аланияға тікелей рейс ашылды

Түркияның Алания қаласына Қазақстаннан тікелей әуе қатынасы жолға қойылды. Алғашқы рейспен 175 жолаушы Астанадан Аланияға сәтті жетті. Рейс жаз мезгілінде аптасына екі рет орындалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алғашқы жолаушыларды әуежайда Қазақстанның Түркиядағы елшісі, консулдық қызметкерлері және Алания мэрі салтанатты түрде қарсы алды.

Ұшақ дәстүрге сай су аркасымен қарсы алынып, жолаушыларға шашу шашылып, бауырсақ ұсынылды.

Рейске сұраныс жоғары. Ұйымдастырушылар болашақта Алматы–Алания бағыты бойынша да рейс ашуды жоспарлап отыр.