Current Date: 09-06-2025

20 жылдық мектеп бітіру кешінен кейінгі әйелдің өлімі: оқиғаның мән-жайы

Ош облысында мектепті 20 жыл бұрын бітірген сыныптастарының кездесуінен кейін әйелін қызғаныштан өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Қайғылы оқиға салдарынан бес бала жетім қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы Ош облыстық ІІБ хабарлады.

Қайғылы оқиға қалай болды?

Қайтыс болған әйел – бес баланың анасы. Ол отбасымен бірге Қара-Кульджа ауданының Сай ауылында тұрған. 26 мамырда ерлі-зайыптылар Өзген ауданының Алға ауылына мектеп бітірудің 20 жылдығын атап өтуге барған. Мерекеден кейін олар үйлеріне қайтып оралғанда араларында жанжал шығып, әйелін атып өлтірген.

Марқұмның сіңлісі оқиға туралы былай деді:

Ол ешкіммен би билемеді, ешкімнің қолынан ұстамады. Кешке олар үйге оралған соң жанжал шыққан. Ол қарудан екі рет оқ атты. Оқ әйелдің кеудесінің оң жағына тиді. Басынан жарақат алғаны туралы ақпарат – жалған, — деді әпкесі.

Ал Алға ауылындағы мектеп директоры Мирбек Абдуллаев мерекелік іс-шарада ешқандай оғаш жағдай байқамағанын айтты:

Іс-шара сағат 9:15-те басталып, 11-де аяқталды. Барлығы қалыпты өтті. Қайтыс болған әйел өте тыныш мінезді еді, ата-анасы да зиянсыз жандар, — деді ол.

Сай ауылының басшысы Акун да отбасында барлығы жақсы болғанын айтты. Әйел ешқайда шықпай, малға қараған. Ең үлкені – 11-сынып оқушысы (кейбір деректер бойынша, студент), екіншісі – 9-сынып оқушысы, қалғандары әлі кішкентай.
Ер адам – он баланың кенжесі. Қайтыс болған әйелмен бірге 90 жастағы анасын да бағып жүрген.

Қылмыстық іс қозғалды

Ош облыстық ІІБ мәліметінше, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің «Адам өлтіру» бабы бойынша қозғалды. 1985 жылы туған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жәбірленушінің туыстары мен күдіктінің адвокаттары әзірге түсініктеме берген жоқ.

Бұған дейін, мектептегі сыныптастар кездесуіне барған әйелді күйеуі атып тастағанын жазған едік.