Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы .
Қазақстан президенті мен Италия премьер-министрі бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.