Current Date: 16-03-2025

Ештеңе жазылмаған кітап

1974 жылы америкалық «Harmony Books» баспасы « Ештеңе » атты ерекше кітапты шығарды.

Бұл кітап 192 таза парақтан ғана тұрды, яғни ішінде ешқандай мәтін, сурет болмаған. Жалпы, бұл біртүрлі идея Бернард Шоудың сөзіне негізделген, ол «Егер мен адам аяғы баспаған аралға барсам, өзіммен бірге таза парақтары бар 5 кітап алар едім» деген екен бір сұхбатында. Алғашында бұл кітап күлкілі әрі мағынасыз болып көрінгенімен, сатылымға шыққан соң күтпеген жерден танымал болып, бірнеше рет қайта басылып шықты. Тіпті әлі күнге дейін кітап сөрелерінен түспей келеді.