Current Date: 16-03-2025

Сценарий теориясы

Әйгілі «Өкіл әке» романының авторы Марио Пьюзоның сценаристік арнайы білімі болмаса да, осы шы­ғар­масы үшін ол екі рет «Оскар» сый­лығын жеңіп алды.

1972, 1974 жылдары осынау маңызы зор марапатқа ие болған соң Пьюзо сценарий жазу техникасын ешқашан арнайы оқымағанын мойындаған. Бірақ екі мәрте «Оскар» алғаннан кейін, ол ақыры сценарий жазуды үйрену үшін оқулық сатып алуды шешкен. Бір қызығы, кітаптың алғашқы тарауында «Сценарий жазуды үйренгің келсе, алдымен «Өкіл әкенің» сценарийін зертте» деген кеңесті оқып, Пьюзо таң-тамаша қалған.