Енді әкімдер тақымын мықтап қысатын болады.
Өйткені, өңірлерге берілетін қаражаттың әр тиыны қатаң бақылана бастайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осылай деді. Үкімет республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге жіберілетін субвенцияларды айқындаудың жаңа әдістемесін әзірлеп жатыр. Қазақстанда енді бюджетті жоспарлаудың жалғыз құжаты болады. Ал кез-келген бастамалар осы құжатқа біріктіріледі.