Өскемен қаласындағы Абай даңғылында орналасқан бір қабатты , жеке тұрған қоғамдық тамақтану нысанында өрт шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрттің одан әрі таралуына жол берілмей, 30 шаршы метр аумақта сөндірілді. Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ, — деді Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі Мерей Шәріпханов.
Төтенше жағдайлар министрлігі бұл ретте азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырып отыр.