Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Киноның ықпалы

Киноның ықпалы

Ғарыштық зымырандарды ұшыру кезінде қолданылатын кері санау әдісін алғаш ойлап тапқан ға­лым­дар мен инженерлер емес, кинема­тографистер.

«Он…тоғыз…сегіз…жеті…» деп басталатын бұл рәсім бүгінде ғарыш сапарының қалыптасқан дәстүріне айналды. Тағатың­ды тауысып, дымыңды құртатын осы бір тәсіл алғаш рет 1929 жылы шыққан неміс­­тің «Айдағы әйел» («Frau im Mond») атты ғы­лыми-фантастикалық фильмінде қол­да­нылған. Көрерменнің қобалжуын күшей­тетін бұл әдіс, әрине, сол кез үшін тосын әрі әсерлі жаңалық еді. Кейін дәл осы эффект нақты ғарыш саласында да көрі­ніс тапты. Мінеки, бұл – кино өнерінің ғы­лымға жасаған ғажайып ықпалының бір мысалы.