Current Date: 10-06-2025

5 маусым күні Ұлттық арнада республикалық телемарафон өтеді

5 маусымда «Qazaqstan» Ұлттық арнасында «Таза Қазақстан – таза болашақ» республикалық телемарафоны өтеді. Табиғатты аялауға шақыратын бұл іс-шара дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және экологтар күні аясында ұйымдастырылмақ .

Телемарафон таңғы сағат 7-де «Таңшолпан» бағдарламасынан басталып, кешкі 20:00-ге дейін 6 арнайы тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Әр шығарылым сайын еліміздің түкпір-түкпіріндегі ерекше бастамалар, экология саласындағы еріктілер мен мамандардың ерен еңбегі және су ресурстарын үнемдеудің маңызы туралы тың деректер ұсынылады. Сонымен қатар 20-дан астам сарапшымен сұхбат ұйымдастырылады.

Есіл өзенінің жағасында көшпелі студия жұмыс істейді. Еліміздің бірнеше өңірінен және шет мемлекеттерден тікелей қосылымдар жоспарланған. Бұдан бөлек, сағат 20:30-да «Ашық алаң» бағдарламасында қоғамның эко-мәдениеті мен Қазақстандағы экологиялық мәселелердің шешілу жолдары талқыланады.

Бұл телемарафон – болашақ ұрпаққа таза және қауіпсіз орта қалдыруға, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Ернұр Медет