Current Date: 09-06-2025

Шерзат Полат ісі бойынша үкім шығатын күн белгілі болды

Бүгін Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі сот процесінде төрағалық етуші Жанұзақов Ержан үкім 5- маусым, сағат 16: 00-де жарияланатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Шезат ісі бойынша соңғы сот отырысы 5-маусым күні өтеді.

Іс бойынша 9 адам айыпталып отыр. Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай Шерзат Полат өліміне күдіктілерге:

  • Абзал Шынасылға – 23 жыл;
  • Равиль Сакиевке – 20 жыл;
  • Шыңғыс Белғожаевқа – 7 жыл;
  • Дархан Аскентайға – 7 жыл;
  • Нұрқияс Ілиясовқа – 9 жыл;
  • Нұрбол Тоқтаубаевқа – 7 жыл;
  • Азамат Тоқтаубаевқа – 15 жыл;
  • Дидар Қалиахметке – 7 жыл;
  • Дидар Ысқаққа (кәмелетке толмаған) – 1 жыл 6 ай жаза тағайындауды сұраған еді.

Айта кетейік, 2024 жылдың 4 қазанында Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тауып, кейіннен отбасының үйі өртеніп кеткен еді. Ал бірнеше айдан соң Шерзаттың ағасы көз жұмған болатын.