Екеуін де жедел құтқару жасағы судан алып шықты, деп хабарлайды skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға Мұғалжар ауданы Қырғыз стансасында болды. Сондағы «Алталы» су бөгетінен екі адамның денесі табылды.
- ТЖД-нің жедел құтқару жасағы 1960 және 1995 жылы туған ер адамдардың денесін 4 метр тереңдіктен алып шықты. Олар белгісіз жағдайда қайтыс болған, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, денесінде жарақат жоқ, дегенмен тергеу жүріп жатыр.