Ол қазір қамауға алынған.
Бас прокуратура 1,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінген Алмасбек Садырбайға қандай айып тағып отырғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
"Қазіргі таңда А.Садырбай ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты тергеу изоляторында күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен қамауға алынған", — деп хабарлады Бас прокуратура Kazinform-ға берген жауабында.
Айта кету керек, бұған дейін "Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбайдың аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекеті әшкереленгенін жазған едік.