Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың қатарында:
- 4 еңбек ардагері;
- 19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;
- 14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;
- 6 кәсіпорын басшысы;
- 3 қоғамдық ұйым өкілі;
- 7 мемлекеттік қызметкер;
- 6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.
Бауыржан Момышұлы атындағы ІI дәрежелі "Айбын" орденімен
- Айтмағамбетова Жұлдыз Рахымқызы – Мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы
- Ахметова Айман Рахмеджанқызы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі
- Әбуева Анаргүл Аманжолқызы – Төтенше жағдайлар министрлігінің департамент бастығы
- Канкина Құралай Темірболатқызы – Бас Прокурордың аға көмекшісі
- Мұсатаева Балжан Төлеужанқызы – Қорғаныс министрлігі 44013 әскери бөлімінің взвод командирі;
"Парасат" орденімен
- Әбілдина Қарақат Түлкібайқызы – "Қарақат" мектеп-студиясының бас директоры, Астана қаласы;
- Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – Парламент Сенатының депутаты
- Құспан Айгүл Сайфоллақызы – Парламент Мәжілісінің депутаты
- Ноғайбаева Гүлдана Рахымбекқызы – Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы" КМҚК әншісі-әртісі
"Құрмет" орденімен
- Абиева Раиса Леонидовна – "Абиев А.А." ШҚ басшысы, Жетісу облысы
- Ағыбаева Раиса Мұхамедиқызы – Астана қаласының ардагерлер кеңесі медиатобының төрағасы
- Айтбаева Шолпан Сашкенқызы – еңбек ардагері, Астана қаласы
- Әбдірайымова Тілеукүл Шайымқызы – Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы "Шу" өндірістік бөлімшесінің инженері
- Әбенова Күлпаш Қайроллақызы – Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" РМК жұмысқа тартылатын бағалаушысы
- Әзімқұлова Әділет Срадинқызы – еңбек ардагері, Түркістан облысы
- Гияги Роза Римовна – "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ "Шымкент магистральдық желі бөлімшесі" филиалы Арыс жол дистанциясының диспетчері, Түркістан облысы
- Егізбаева Сәуле Әбутәліпқызы – "М. Шоқай атындағы № 187 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі (IT мектеп-лицейі)" КММ мұғалімі, Қызылорда облысы
- Елеуова Қаракөз Темірбекқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы
- Земляная Людмила Дмитриевна – "Жер су" ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысы
- Кәпенова Гүлмира Амангелдіқызы – "BESTKZ.KST" ЖШС басшысы, Қостанай қаласы
- Қанапина Гүлнар Бекежанқызы – "Қазақстан Алюминийі" АҚ гидрометаллургы-аппаратшысы, Павлодар облысы
- Қараева Бибігүл Атшыбайқызы – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 14 жалпы білім беретін мектеп" КММ мұғалімі
- Құрманғалиева Бикеш Қайдарқызы – "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС бас директоры
- Молдашева Бағдашжан Қадыржанқызы – "Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі" МКҚК директоры, Ақтөбе облысы
- Одинцова Маргарита Владимировна – Жоғарғы Соттың судьясы
- Сағынтаева Аида Қыстаубайқызы – "Назарбаев университет" ДББҰ вице-провосты, Астана қаласы
- Үмбеталина Марал Әбдірашқызы – "Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы" МКҚК дәрігері, Шымкент қаласы
- Хамитова Алмагүл Мәжитқызы – "Желаев нан өнімдері комбинаты" АҚ директоры, Батыс Қазақстан облысы
- Хорошаш Ғалия Нәсіболлақызы – "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ұлттық госпиталі" РМК дәрігері;
III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен
- Қамбарова Баянгүл Қожабергенқызы – "Қазақмыс" корпорациясы» ЖШС филиалы "Қ. Сәтбаев атындағы "Жезқазғантүсмет" ӨБ электрмен дәнекерлеушісі
- Мадимарова Анар Серікбайқызы – "Тараз металлургиялық зауыты" ЖШС шикіқұрамшысы, Жамбыл облысы
- Нұрғалиева Зинагүл Әбенқызы – "Altyntau Kokshetau" АҚ шикіқұрамшысы, Көкшетау қаласы
- Санқыбаева Бахытгүл Қуанышбайқызы – "Ақ Жайық-7" ЖШС вагон жөндеу депосының кран машинисі, Атырау қаласы
- Сәрсенова Ботагөз Ғабитқызы – "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалы Ерейментау жол дистанциясының жол шебері;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен
- Арпабаева Бибігүл Төлегенқызы – "Өскемен ЖЭО" ЖШС отын-көлік цехының аға жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы
- Әбелдинова Надежда Николайқызы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аса маңызды істер жөніндегі офицері
- Бәкірова Қарлығаш Тастанбекқызы – "№ 13 қалалық емхана" МКК дәрігері, Астана қаласы
- Жамалиева Әлима Аманжолқызы – Ішкі істер министрлігі Астана қаласы полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі
- Жолдыбаева Маржан Жолдыбайқызы – "Кажсервис" ЖШС Қарағанды облыстық филиалының жол жұмысшысы
- Игбаева Меруерт Асылханқызы – Сыртқы істер министрлігі департамент директорының орынбасары
- Қожамсейітова Мақпал Қамашқызы – "Алматыэлектротранс" ЖШС троллейбус жүргізушісі, Алматы қаласы
- Молдыбаева Гүлшарат Тоқанқызы – "Астана-АЭК" АҚ жедел-диспетчерлік қызметінің операторы
- Русинова Ольга Владимировна – "Қазтелерадио" АҚ бөлім басшысы, Алматы қаласы
- Сарымсақова Айна Абылайқызы – Шымкент қаласы № 7 округтік сайлау комиссиясының төрағасы
- Сәрсембаева Жанаркүл Оразалықызы – "Almaty turmystyq tehnika zavody" ЖШС сапа инспекторы, Алматы облысы
- Табергенова Айгүл Олжабайқызы – "Дара" қайырымдылық қоры "Ерте қолдау" жобасының жетекшісі, Астана қаласы
- Тұрсынқанбетова Еркежан Саятқызы – "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" КҚ бас директорының орынбасары
- Шек Наталья Анатольевна – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас маманы, Астана қаласы;
"Шапағат" медалімен
- Әлімбаева Динара Төлегенқызы – "Қарағанды қаласының № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ аға мейіргері
- Әуренова Мәдина Дәулетханқызы – "DEMEY" оңалту және түзету орталығы" ҚБ төрағасы және негізін қалаушы, Шығыс Қазақстан облысы
- Васина Светлана Станиславовна – "Moon-Ай" музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы
- Жақыпова Жанар Бексұлтанқызы – "New Decision Group» ғылыми-зерттеу агенттігі" ЖШС басшысы, Алматы қаласы
- Михеева Елена Валериевна – "Moon-Ай" музыкалық дуэтінің қатысушысы, Астана қаласы
- Орынбаева Алтынай Романқызы – "Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы" КММ бөлім бастығы
- Уайысова Гүлмәрия Қажағалиқызы – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің мал дәрігері наградталды.
"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы
- Аханова Бақытжан Омарғалиқызы – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының білім басқармасы "Балалар музыка мектебі" КМҚК директоры;
"Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы
- Үкібасова Талшын Мұқадесқызы – "University medical centre" корпоративтік қорының бас консультанты, Астана қаласы;
"Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы" құрметті атағы
- Шелудько Ольга Николаевна – Өнеркәсіп және құрылысы министрлігі "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" РМК Оңтүстік өңір бойынша филиалы Жамбыл облысы бойынша департаментінің сарапшысы;
"Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері" құрметті атағы
- Ерманова Майра Жұратбекқызы – "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалы — "Жезқазғантүстімет" ӨБ №1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикаларының флотаторы, Жезқазған қаласы берілді.