Current Date: 09-06-2025

Голливуд продюсері Джефф Ольм Мемлекеттік рәміздер күніне арналған роликті өз парақшасында бөліскен

Голливуд продюсері және визуалды эффектілер бойынша танымал маман Джефф Ольм Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күніне арналған бейнероликке назар аударып, оны өз әлеуметтік желілерінде бөлісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Джефф Ольм — киноиндустрияда 35 жылдан астам тәжірибесі бар танымал сарапшы. Оның портфолиосында Titanic, The Lord of the Rings, Harry Potter, The Fifth Element, Avengers, Guardians of the Galaxy және Spider-Man сияқты 100-ден астам голливудтық блокбастер бар. Ол Disney, Marvel, DreamWorks, Sony, Warner Bros. және Universal сияқты студиялармен жұмыс істеген.

Джефф Ольм тек голливудтық студиялармен жұмыс істеп қана қоймай, NFL, NBA және MLB үшін виртуалды және кеңейтілген шынайылық жобаларын әзірлеуге қатысады, сондай-ақ жас режиссёрлер мен операторларға тәлімгерлік етеді.

Оқи отырыңыз:

  • Рәміздегі символдық элементтердің мәні неде?
  • Мемлекеттік рәміздердің тарихы туралы не білеміз?

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын 4 маусымда атап өтіледі. Бұл күні ел бойынша патриоттық іс-шаралар, флешмобтар және елдің тәуелсіздігі, бірлігі мен ұлттық мақтанышын білдіретін Ту, Елтаңба және Әнұранға арналған салтанатты іс-шаралар өткізіледі.