Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Қазақстанға Болгария президенті келеді

8-9 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария Президенті Румен Радев Қазақстанға ресми сапармен келеді .

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақорданың хабарлауынша, келіссөздер барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланбақ.

«Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында қазақ-болгар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының перспективасы талқыланады», — делінген хабарламада.