Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасын іске асыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда желінің эстакадалық бөлігінің 50%-ына сәйкес келетін 11 шақырым рельс төселіп, бетонмен бекітілді
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Жобаның негізгі бағыттары – қаладағы ірі стратегиялық нысандарды жалғайды: «Нұрлы жол» теміржол вокзалы, халықаралық әуежай, Министрліктер үйі және Республикалық бас мешіт.
Құрылыс кестеге сай жүріп жатыр
CTS компаниясының мәліметінше, шпал төсеу және рельстерді монтаждау жұмыстары барлық учаскеде бір уақытта атқарылып жатыр. Сонымен қатар, станциялар инфрақұрылымы, электрмен жабдықтау жүйелері мен басқа да инженерлік желілерді дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Жобаның сынақтық іске қосылуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.
LRT жобасы туралы қысқаша:
- Жеңіл рельсті көлік желісі Астананың көлік жүктемесін азайтуға, тұрғындар мен қонақтарға ыңғайлы әрі экологиялық балама ұсынуға бағытталған.
- Жоба аяқталған соң, жолаушылар аэропорттан тікелей қала орталығына заманауи қоғамдық көлікпен жету мүмкіндігіне ие болады.