Current Date: 15-03-2025

2026 жылғы жазғы Азия ойындарының бағдарламасына ММА қосылды

Азия ойындары Жапонияда өтеді .

Азия Олимпиада кеңесі 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының бағдарламасына ММА (аралас жекпе-жек) қосылғанын хабарлады. Бұл туралы кеңестің Олимпиада комитеттеріне жолдаған ресми хатында жазылған.

"ММА спорты 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтетін XX жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енді", – делінген хатта.

ММА жарыстары екі стильде – заманауи және дәстүрлі түрде 6 салмақ дәрежесінде өтеді:

Ерлер:

  • Заманауи стиль: 60 кг, 71 кг
  • Дәстүрлі стиль: 65 кг, 77 кг

Әйелдер:

  • Заманауи стиль: 54 кг
  • Дәстүрлі стиль: 60 кг

Еске салайық, ММА Олимпиада спорты түрлеріне жатпайды. Дегенмен, аралас жекпе-жекті 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу бағытындағы жұмыстар жүріп жатыр. Егер аралас жекпе-жектің халықаралық федерациясының бұл ұсынысы қолдау тапса, ММА 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына көрмелік спорт түрінде енуі мүмкін.


Оқи отырыңыз: Instagram-да белсенді қазақстандық спортшылар кімдер? Информбюро шолуы