Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында "AMANAT" партиясы жыл сайынғы республикалық журналистер байқауының басталғанын мәлімдеді.
Ашық конкурс ақпарат саласы мамандарының әлеуетін арттыруға бағытталған. Байқау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары, "Еңбек адамы", "Жұмысшы мамандықтарының жылы", "Taza Qazaqstan", жастардың қоғамдағы рөлі және басқа да маңызды тақырыптарды қамтиды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"AMANAT медиа сыйлығы" БАҚ жанрларына шектеу қоймай, тақырыптық бағыттар бойынша үздік жұмыстарға беріледі. Сонымен қатар, арнайы жүлделер де қарастырылған:
Негізгі номинациялар:
-
"Еліміздегі реформалар туралы үздік материал"
-
"Еңбек адамы туралы үздік материал"
-
"Жастар туралы үздік материал"
-
"Аймақ туралы үздік материал"
-
"Партия жұмысы туралы үздік материал"
-
"Taza Qazaqstan" – экология тақырыбындағы үздік материал
-
"ҚР Конституциясының 30 жылдығы туралы үздік материал"
Арнайы сыйлықтар:
– Шерхан Мұртаза мен Қамал Смайылов атындағы "Телевизия үздігі"
– "Алаш аманаты"
– "Белсенді азаматтық ұстанымы үшін"
Өтінімдер 23 мамыр мен 17 маусым аралығында қабылданады. Жеңімпаздар маусым айының соңында өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде анықталады. Оларға арнайы мүсінше, "AMANAT" медиа сыйлығы және ақшалай жүлде табысталады. Байқау екі бағыт бойынша он аталымда өткізіледі.
Қосымша ақпарат: amanatpartiasy.kz
Байланыс телефондары: 8-76.70.7172-25, 8-76.70.7172-28
Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Қабылдау уақыты: жұмыс күндері, 09:00–13:00 және 14:30–18:30 аралығы