Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бір күнде 5 баласынан айырылған отбасына көңіл айтты.
Облыс әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және отбасыға қажетті басқа да көмектерді көрсетуге қолдау білдіреді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін әкімдкік қайғыдан қан жұтқан отбасыға үй берілетіні туралы хабарланған болатын.
4 маусым күні сағат 15:00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында болған өрт салдарынан бір отбасының бес баласы қаза тапты.
Алдын-ала мәлімет бойынша, өрт кезінде балалар үйде үлкендердің қарауынсыз қалған. Өрт шамамен 30 шаршы метрді шарпыған, үйдің ішінде тұрмыстық заттар мен жиһаз жанған.