Current Date: 09-06-2025

Министрлік ем-шара жасайтын ұйымдарға бақылауды күшейтті

Елде лицензиясыз қызмет көрсетіп, медициналық стандарттарды бұзған жеке ем-шара кабинеттерінің қызметі қатаң бақылауға алынды .

Бұл жайында денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оған Жамбыл облысында екі адамның қазасымен аяқталған медициналық көмек көрсетудегі өрескел заңбұзушылықтар себеп болды. Өңірде жүргізілген тексеріс нәтижесінде олқылыққа жол берген 133 кабинет анықталды. Соның ішінде 14-сіне 2,1 млн теңге айыппұл салынды, 51-і өз еркімен жабылды, 68-інде тексеріс жалғасуда.

Мұндай бақылау өзге де өңірлерде жүргізілетін болады. Ал өз кезегінде министрлік азаматтарға тек лицензиясы бар, білікті мамандар жұмыс істейтін медицина ұйымдарына жүгінуге кеңес береді. Үй жағдайында дәрігердің бақылауынсыз ем-шара жасатудан сақ болуға шақырады.