Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот айыпталушылардан жәбірленушілердің пайдасына материалдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.
Абзал Шынасылдан төмендегідей сомалар өндірілді:
-
20 миллион теңге — Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына
-
20 миллион теңге — Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшенбиеваға
-
20 миллион теңге — Шерзаттың әжесі Жұмабике Қадыроваға
Равиль Сакиевтен:
-
15 миллион теңге — Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына
-
15 миллион теңге — Жұмабике Қадыроваға
Шыңғыс Белғожаев, Дархан Аскентай, Нұркияс Ілиясов, Нұрбол және Азамат Тоқтаубаевтар, Дидар Қалиахмет және Равиль Сакиев келесі сомаларды төлеуге міндеттелді:
-
10 миллион теңге — Гүлбара Бейшенбиеваға
Шыңғыс Белғожаев, Дархан Аскентай, Нұркияс Ілиясов, Нұрбол және Азамат Тоқтаубаевтар, Дидар Қалиахмет:
-
10 миллион теңге — Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына
-
10 миллион теңге — Жұмабике Қадыроваға
Осылайша, сот жәбірленуші тараптардың материалдық зиян туралы талаптарын ішінара қанағаттандырды.
Бұған дейін айыпталушыларға судья үкім шығарғанын жазған едік.