Current Date: 09-06-2025

Жыл басынан бері елімізде төрт тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша 5 айдың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Polisia.kz мәліметінше, 2025 жылдың бес айында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің жұмысы нәтижесінде заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам есірткі және 15 тоннадан астам прекурсор тәркіленді.

95 есірткі зертханасы әшкереленді. 18 қылмыстық топ, оның ішінде бір трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. 14 мыңнан астам есірткі сайты мен 15 мың банк картасы бұғатталды. Осылайша азаматтар мен экономикаға 1 млрд 230 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілмеді, — делінген мәліметте.