Current Date: 10-06-2025

Лондонда Димашпен кездесуге жанкүйерлер кезекке тұрды

Димаш бұған дейін әйгілі Лара Фабианның концертінде арнайы қонақ ретінде сахнаға шыққан болатын.

Лондонда әлемге танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергенмен кездесу үшін жанкүйерлер қонақүй алдына ұзын-сонар кезекке тұрды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ал бүгін ол Лондондағы Hilton London Wembley қонақүйінің Grand Ballroom залында өз жанкүйерлерімен жүздесуде.

– Мен Димаштың өнерін өмір бойы сүйіп келемін. Оның әрбір әні жүрекке жетеді. Ол даусымен ғана емес, жан дүниесімен де бізді баурап алады. Бұл – әлемдегі ең керемет дауыс, ол әлемге оң өзгеріс әкеліп жатқан нағыз өнер иесі. Біз оған шын жүректен алғыс айтамыз, – дейді Калифорниядан арнайы келген жанкүйер Глория Макюн.