Current Date: 09-06-2025

Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Циклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады , кей өңірлерде жауын-шашын күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде найзағайлы жауын-шашынмен қатар қатты жаңбыр мен бұршақ болжанып отыр.

Ауа температурасы өңірлер бойынша келесідей өзгермек:

  • Батыс Қазақстанда күндізгі температура 22–30 градустан 30–37 градусқа дейін жоғарылайды;

  • Солтүстік-батыста ауа 20–30 градустан 23–33 градусқа дейін көтеріледі;

  • Солтүстікте күн салқындап, 18–28 градус шамасында болады;

  • Орталық пен шығыста күн райы біршама төмендеп, 23–34 градустан 20–33 градусқа дейін түседі, кей аймақтарда бұрынғыдай 35–38 градусқа дейінгі аптап ыстық бәсеңдейді;

  • Оңтүстікте ауа температурасы 25–35 градустан 29–37 градусқа дейін көтеріледі;

  • Оңтүстік-шығыста 30–39 градусқа дейінгі аптап ыстық сақталады.

Мамандар найзағайлы сәттерде сақ болуға, ал дауыл және бұршақ кезінде ашық далада ұзақ жүрмеуге кеңес береді.