Current Date: 09-06-2025

«Қарапайым, бірақ маңызды»: Президент Құрбан айт мейрамында палау пісірді (ФОТО)

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің кенже қызы Шахноза Мирзиёева әлеуметтік желіде әкесімен түскен суретін жариялады. Суреттен Шавкат Мирзиёев өз отбасында Құрбан айт мерекесіне орай пісіріліп жатқан палаудың пиязын турап отырғанын көруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq-Ruhy-на сілтеме жасап.

Шахноза Мирзиёева фотоның астына мерекенің мәні мен отбасылық құндылықтар туралы ойларын жазды.

"Мерекелер біріктіреді. Олар бізді ең басты құндылықтар: отбасымызға, салт-дәстүрімізге қайтарады. Менің ата-анам бүгін еліміздің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған отбасы секілді бірге ас пісіріп жатыр. Бұл жай ғана көңілді сәт емес, біз қастерлейтін және келер ұрпаққа жеткізетін үлкен мәдениеттің бір бөлігі. Осындай күнде мен әсіресе қарапайым, бірақ маңызды нәрсе тілегім келіп тұр. Айт құтты болсын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа, берекеге толсын», – деп жазды Шахноза Мирзиёева.

Жазбаға жылы пікірлер көп жазылды. Қолданушылар мемлекет басшысының қарапайымдылығына тәнті болып, президентке ұзақ өмір мен зор денсаулық тіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shahnoza Mirziyoyeva (@shahnoza_mirziyoyeva)