Current Date: 09-06-2025

Әскерге күштеп әкеткендерге қатысты тергеу басталды

Қостанайда жігітті әскери комиссариатқа күштеп алып кетпек болғандарға қатысты полиция тергеу жүргізбек , деп жазады inbusiness.kz сайты.

Куәгерлердің айтуынша, 6 маусым күні сағат 22:00 шамасында жұмысынан шыққан жігіткен азаматтық киімдегі үш адам жақындаған.

"Олар өздерін таныстырмай, жігітті ұстап әкетпек болды. Біздің қызметкерлерді итеріп жіберіп, балағат сөздер айтты. Біздің заңгерді күтпей, күшпен ұстап, алып кетті", – дейді куәгер.

Қостанай облысы полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.

“Қызметтік тергеу тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша полиция қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі”, – делінген хабарламада.