Алматыда ағаштан салынып жатқан жеке үйде өрт шықты . Оқиға Медеу ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Өрт сөндіру оқпандары іске қосылып, суды үздіксіз беру ұйымдастырылды.
Төтеншеліктер оқиға орнына келген кезде қызыл жалын тарап кеткен. Үй ағаштан салынғандықтан оны оқшаулау қиынға соққан.
Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды. Қызыл жалынды жою үшін шаралар қабылдануда. Зардап шеккендер жоқ.