Current Date: 09-06-2025

Жамбылда ер адам асырап алған баласын өлтірген болуы мүмкін

Өңірдің Талас ауданында 35 жастағы ер адам асырап алған 10 жасар ұлын өлтірді деген күдікке ілінді.

Себебі бүлдіршіннің өлер алдында аяусыз соққыға жығылғаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала деректерге сенсек, Жуалы ауданында тұратын отбасы тағы 4 асырап алған баланы тәрбиелеп отыр.

Қайғылы оқиға кезінде олар Таласта болған. Тергеу олардың басқа ауданда болу себебін де анықтап жатыр. Ал күдіктіні полиция қамауға алған.

"Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні оқиға орнында ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазір іс бойынша тергеудің толықтығын, объективтілігін және жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.