Ташкенттегі Әлішер Навои атындағы мемлекеттік академиялық үлкен театр ұжымы Алматы мен Астанаға гастрольдік сапармен келеді.
Өнерпаздар «Лазги жан мен махаббат биі» атты қойылымды 17 наурызда Елордада, 27 наурыз Алматыда сахналайды. Гастрольдік сапарды Өзбекстанның мәдениентпен өнерді қолдау қоры ұйымдастырып отыр.
«Лазги» көне би өнері. Хорезмде мектебі қалыптасқан. Қазір оның 9 түрі бар. Музыканың ырғағымен баяу басталып, биші қиымлы шираған сайын процесс өрістей береді. Лазгиді неміс режиссёрі Раймонда Ребека заманауй нақышқа келтіріп, көрермен назарына ұсынды. Әлемнің 10 нан астам елінде сахналанып, жоғары бағасын алды.
Эльмира Юсупова, А. Навои атындағы Мемлекеттік академиялық үлкен театр солисі:
- Алматы мен Астанаға гастрольдік сапармен баруды жоспарлап отырмыз. Бізге қазақстандық көрерменнің спектакльді қалай қабылдайтыны қызық. Менің ол жақта таныстарым көп. Олар «лазги» қойлымын көруге асық екендерін айтты. Жалпы Қазақстанның бұл өнерде бай мұрасы бар. Режиссёр Раймондо Ребеканың спектакілі Қазақстанда да жүріп жатыр. Қазақстандық әріптестердің де пікірін тыңдағым келеді. Тәжірибе алмасып қайтамыз деген үміттемін.
Спектакль классикалық балетке жаңа леп әкелді. Мұнда поуанта, кантемпари би стильдері өзбектің ұлттық бимен синтезделіп, керемет үйлесім тапқан.
Дильноза Артыкова, Өзбекстанның Еңбек сіңірген артисі:
- Лазги бұл ықылым заманнан бізге мұра болып қалған үлкен өнер. Хорезмде пайда болып, көрерменнің жүрегін жаулап алған ерекше би. Оны көрген кезде аспанда қалықтағандай әсер аласыз. Бұл біздің баға жетпес байлығымыз. Ұлттық нақыш пен заманауи синтездің байланысқан көрінісін көруге шақырамын.
Сардор Садинов, А.Навои атындағы мемлекеттік академиялық үлкен театрдың жетекші солисі:
- Шетелдік көрерменге қатты ұнайды. 10-нан астам елде осы қойылымды сахналағанда адамдардың біздің ұлттық биге деген қызығушылығын көрдім. Спектакльде басты рольді сомдаймын. Бұл үлкен жауапкершілік.
17 наурыз Астанада, 27 наурыз Алматыда «Лазги» жан мен махаббат биі» сахналанады. Балет сүйер қауым үйреншікті классикалық қойылымды емес, өзіндік айтары бар, ұлттық нақышпен әрленген спектакльді тамашалай алады.