Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Медеу ауданында 8 маусымға қараған түні ағаштан салынып жатқан екі қабатты ғимараттан өрт шықты.
– 600 шаршы метр аумақты қамтыған қызыл жалын толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, өрт сөндірушілер отқа оранған үйден үш газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды.
Ол ағаштан салынғандықтан, қызыл жалынды ауыздықтау қиындық туғызды.