Current Date: 09-06-2025

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы .

Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі бір-бірін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

Әңгімелесу барысында екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен алдағы перспективасы талқыланды.