Current Date: 09-06-2025

Астанада оң жағалаудағы даңғылдың учаскесі жабылады

Елордада Абылай хан даңғылы бойындағы жол бөлігіне шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтырақ айтқанда, қала әкімдігінің ақпаратынша, 9 мен 10 маусымда Манас көшесінен Майлин көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Бұған себеп – жол жабынының жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыстардың жалғасуы.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, ведомство жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескеруді сұрады.

Бұған дейін ТЖМ құтқарушыларының Қарағанды облысында 60 шетел азаматын эвакуациялағаны хабарланған болатын.